Шымкенттік прокурорлар полиция заңсыз ұстаған 21 адамды босатқан

Картинки по запросу түрме

Қала прокурорының сөзінше, қылмыстық қудалау органдары заңсыз ұстаған азаматтардың бостандық құқықтары қорғалған. Сондай-ақ, қадағалау органы 31 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқығын қорғап, 600-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы қала прокуроры Мақсат Қожабаев тоғыз айлық жұмысын қортындылау кезінде айтты, деп хабарлайды inform.kz.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытқаны үшін 4428 мұғалімнің жалақысына қосымша 62 млн теңге өндірілген. Прокурорлық актілер негізінде 227 мың тұтынушының құқықтары қорғалып, су тарифі 82,20 теңгеден 73,65 теңгеге кеміген. Ал, газ тарифі 3587,67-ден 3497,91 теңгеге төмендеген. Қаладағы екі монополистің жоқ шығындарды тарифке қосу деректері прокуратурада тіркеліп, бүгінгі таңда қылмыстық іс тергелуде.

Бұдан бөлек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытындағы тексеру нәтижесінде 91 млн теңгеден астам қаржының дәрілік заты ұрланып, жасырын қоймада жиналғаны анықталған. Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, тергелуде. 

Сонымен қатар жол қауіпсіздігінің сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде 6 мыңнан астам заң бұзу дерегі анықталып, 16 іс тіркелген. 50 азаматқа қатысты шыққан үкімдер прокурордың аппеляциялық өтінішхатынан соң заңнамаға сәйкестендірілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы
  • ЖИТС-тің алдын-алу - басты мақсат