Қаржы министрлігі 30 қарашаға дейін 1000 теңге таратады

Картинки по запросу 1000 теңгеФискалды чек берілмегені туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлаған адамдарға 1000 теңге көлемінде сыйақы аударып жатыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

12 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында бақылау-кассалық машиналардың фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтауға арналған пилоттық жоба қолға алынған болатын. 

Акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін 52 адамға 1 000 теңге көлемінде сыйақы төленді. Ол ақша ұялы телефонның теңгерімі ретінде түседі. Ал 30 қыркүйектен бастап пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралады.

"Яғни, бүкіл Қазақстан аумағында чек бермеу фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы (ұялы телефон теңгерімін толтыру) беріледі", - дейді комитет мамандары.

Сыйақыны алу үшін сатушының фискалды чекті беруден бас тартқанын, дүкеннің атауы мен мекен-жайын, сондай-ақ, фискалды чек бермеген тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді видеоға түсіріп, жіберу керек. Ал видеоматериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын "Wipon" ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы
  • ЖИТС-тің алдын-алу - басты мақсат