Светлана Жақыпова өз еркімен қызметінен кетті

Картинки по запросу Светлана Жақыпова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып Ерлан Әукенов  тағайындалды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Светлана Жақыпова өз қалауы бойынша жұмысынан босатылды», - дейді ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.

2010-2011 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;  

2011-2014 жылдары — ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2014-2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы
  • ЖИТС-тің алдын-алу - басты мақсат