Жамбылда балабақша қаржысын жымқырғандар ұсталды

Картинки по запросу Жымқырды

Жамбыл облысында балабақшаның қаржысын жеп, заңсыз құжаттар жасаған қылмыстық топ ұсталды. Лауазымды тұлғалардың қылмыстық ісі бүгінгі таңда сотта қаралуда, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан топ пен жеке кәсіпкер алдын ала сөз байласып, білім мекемесіне тиесілі 7 398 467 теңгені талан-таражға салған. Енді олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1,2-тармағы, 369-бабы 1-бөлігі, 385-бабы, 1,3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылмақ.

«Педагогтар мен ата-аналардан түрлі себеп-сылтаумен ақша жинау, сыйлық қабылдауға қатаң тыйым салынады»,-деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігін де ескертті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы