Уәлибек Әбдірайымов «Жайдарман» мен «Әзіл әлемін» сынап тастады

Картинки по запросу Уәлибек

«Шаншар» театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов «Жайдарман» мен «Әзіл әлемін» сынап тастады. Ол үшін бұл қос жобаның арасында айырмашылық жоқ екен, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Уақыт көрсетеді бағдарламасына сілтеме жасап.

Әзіл-сықақ театрының әртісі Уәлибек «КТА» мен «Жайдарман» тек бір ғана жоба дейді. Айырмашылығы соңында берілген сыйлықтарда. Нанға бөлісе алмай, көшірме жасаудың қажеті жоқ екенін айтты.

«Ақыры сол Ресейден алған екен екеуі осы жобаны. Ресейден қазақша қылып енгізейік деген екен. Содан үлгі алғаннан кейін, аяғына дейін алмады ма? Не «Жайдарман» боп, не «КТА» болып қалмады ма? Екеуі де бірдей ғой, енді», - дейді «Шаншар» театрының басшы.

Картинки по запросу Есен елеукен

Уәлибек Әбдірайымовтың сынына «Әзіл әлемі» мен Тұрсынбек Қабатов та ілінді.

« «Әзіл әлемі» деген Тұрсынбектің жобасы жетер еді. Есен Елеукен ағасы ма? «Аға, жайдарманға көмектесейін мен, барып тұрайын жюри болуға. Сіздерден мықты шыққандарды мен «Әзіл әлеміне», басқа да жобаларыма қояйын» деп айту керек еді, - дейді.

Картинки по запросу тұрсынбек қабатов

Қазіргі таңда жобалардың бір сарындығы соншалық, театр басшысына бәрі бірдей көрінеді.

«Мен ол жерлерден ешқандай айырма көріп тұрған жоқпын. Жалпы, ол «КТАдан» да, «Әзіл әлемі» дей ме, «Жайдарманнан» да... Бұлардан мен еш айырма көріп тұрған жоқпын», - деп шындығын айтты Уәлибек Әбдірайымов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Уәлибек Әбдірайымов «Жайдарман» мен «Әзіл әлемін» сынап тастады
  • Ләйла Сұлтанқызы: «Шағыстыруды қою керек қой»
  • Бибігүл Дәулетбекқызы мен танымал адвокат Айман Омарова туралы шындық ашылды
  • Рысбек Аташ: «Жанар менен «Нұржанмен кездестірші» деп өтінді»
  • Зейнеткерлерге ақшалай сыйлық берілетін болды