Аудан әкімі мен департамент басшысы қабылдау өткізді

12.09.2019.jpg

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исақов Созақ ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауындағы мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытындағы тапсырмаларын түсіндірді. Өз баяндамасында Жолдауда айтылған мемлекеттік қызмет саласында алдағы уақытта жүргізілетін өзгерістерге баса назар аударды. Сондай-ақ, Президенттік жастар кадрлық резервіне мемлекеттік қызметкерлерді ынталандырып, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінен алшақ болуға шақырды. Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жаңғырту мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын арттыратынын және қоғаммен диалогтің жаңа форматы мемлекеттік қызметтің беделін көтере түсетінін атап өтті.
Мұнан кейін департамент басшысы Болат Исақов Созақ ауданынның әкімі Салыхан Полатовтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Созақ аудандық филиалында азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда Болат Әлмұханұлына Мемлекеттік қызмет департаменті құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметкерлер жүгініп, бірқатар сауалдарын қойды. Қойылған сұрақтарға департамент басшысы заң аясында жауап беріп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мұнан кейін аудан басшысы мен департамент басшысы аудан орталығы Шолаққорған ауылдық округі әкімшілігіне арнайы ат басын бұрып, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Жұмыс барысында «Е-қызмет» жүйесінің іске қосылуы мен «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышының» талаптарға сай жүргізілуі туралы ұсыныстар берді.
12.09.jpg


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы