"Жастар шыңы" деген атау берілді


 69277853_2586843461365751_1365158245546590208_n.jpg

Түркістанның жастары теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі шыңды бағындырды. Жастар жылы аясында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Сайрам – Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына қарасты Өгем тауларына саяхат ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Іс-шараға облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Дүйсебековпен бірге облысқа қарасты аудан, қала Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен ерікті, талантты жалпы 50-ге тарта жас қатысып, Өгем тауындағы теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікті көшпенділер ізімен, ат тұяғына салмақ сала отырып бағындырды. Бағындырылған бұл шыңға «ЖАСТАР ШЫҢЫ» атауы берілді, оған қоса қазақы дәстүрмен Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығы" мен "Жастар жылының" туы тігілді. Сонымен қатар ту тігілген орынға, арнайы белгітас орнатылды. "Мақпал көлдің" биігінде орналасқан шыңның аты Түркістан облысы жастарының құрметіне «ЖАСТАР ШЫҢЫ» болып аталды. Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында эко-туризмді, альпинизмді, "Ұлы даланың жеті қырын", еліміздің киелі орындармен тарихи мекендерді жастар арасында үлкендер үлгісімен кеңінен насихаттау болатын.

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы