Жаңа автовокзал 10 мың адамға қызмет көрсетеді

5d57bb7457b3a.jpg

Түркістан облысына кезекті іссапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы ең алдымен Түркістан қаласындағы халықаралық автобекеттің ашылу рәсіміне қатысты. Салтанаттың шараның басы-қасында Премьер-министр А. Мамин, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, БАҚ өкілдері жүрді. Асқар Мамин халықаралық автобекеттің ашылуымен құттықтап, игі лебізін білдірді. Кейіннен ҚР Премьер-министрі А.Мамин мен Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев салтанатты жағдайда лентаны қиды.

Түркістан қаласында салынған автовокзалға тапсырыс беруші «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС.Мердігер мекеме – «ЮгСтройконструкция» ЖШС. Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Халықаралық автобекет Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан. Шығыс үлгісінде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы 2,4 гектарды құрайды. Жоспарға сай 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған.

Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады. ЕліміздіңАлматы, Нұр-Сұлтан секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзгеде аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы