Отырар ауданына ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері келді

65780165-9b88-41ca-84ba-02510d36278b.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшесі, көрнекті және мемлекет қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов және Түркістан облысы бойынша қоғамдық штабының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбек Отырар ауданына келді. 

Штаб мүшелері Көкмардан ауыл округі тұрғындарымен жүздесіп, оларға  Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндірді.

Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов ашып, жүргізіп отырды. Көпшілік алдында алғашқы болып сөз алған Қ.Айтаханов ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың  кәнігі дипломат қана емес, жан-жақты білімді, өмірлік тәжірибесі мол салиқалы саясаткер екенін, сондай-ақ, үміткер өз бағдарламасында еліміздің әл-ауқатын арттыруға және өңірлердің біркелкі дамуына үлкен мән беріп отырғандығын сөз етті. Кездесуде кандидаттың негізгі үш ұстанымы – сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидалары туралы жан-жақты сөз болды. 

4781663a-66d4-475a-9a6e-e454774cf350.jpg

Облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбек жиында  Қ.Тоқаевтың тәуелсіздікті күшейтіп, мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер екенін баса айтып, көпшілікті өмірлік тәжірибесі мол азаматты қолдауға шақырды.

Жиын барысында сөз алған Халық ақыны, аудандық қоғамдық штаб мүшесі Ә.Қалыбекова, Шәуілдір ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Темірбековтер үміткердің бағдарламасын жан-жақты түсіндіргені үшін штаб мүшелеріне алғыстарын білдіріп, Қ.Тоқаевты қолдайтындықтарын жеткізді.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отырар ауданына ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері келді
  • «Отырар таланттары» өнер байқауы өтті
  • Түркістанда тұңғыш рет «Музей түні» ұйымдастырылды
  • «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің мобильді қосымшасы іске қосылды
  • Әкім ақынды құттықтады