Әкім ақынды құттықтады

Screenshot_3.jpg

Сөз өнерін ерекше кие тұтып, қастерлеген дана халқымыздың өрелі ойлармен шебер кестеленетін айтысқа деген құрметі ешқашан төмендеп көрген емес. Осы тұрғыдан келгенде зерделі көкейінен түйдек-түйдек жыр жауһарларын, ой маржандарын ағытатын ақберен, ақиық ақындарға ыстық ықылас-пейілмен шынайы құрмет көрсетуді кісілік пен көргенділікке баласақ қателесе қоймаспыз.

Осындай қасиетті айтыс өнерінің ақтаңгері, абыройлы атағы аспандап күллі елімізді шарлап кеткен Қазақстанның Халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Әлшеріқызы Қалыбекованың киелі Отырар ауданында кіндік қаны тамып, ауданымызда тұратындығы қай-қайсымыз үшін де зор мақтаныш.

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов Халық ақынының құтты шаңырағында арнайы болып, туылған күнімен шын жүректен құттықтады. Ақынның шығармашылық қызметіне де зейінін білдірген аудан басшысы Ә.Қалыбековаға иісі жұпар аңқыған алқызыл гүл шоқтары мен Әділхан Мәліктің «Мұрынқарақ» атты туындысын тапсырып, ақынға бақытты да баянды ұзақ ғұмыр тілеген жылы лебіздерін білдірді.

Рысбек ӘБУБӘКІРҰЛЫ,

«Отырар алқабы» газетінің тілшісі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім ақынды құттықтады
  • ОТЫРАР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЖАЙДАРМАН" ӘЗІЛКЕШТЕР САЙЫСЫ ӨТТІ
  • Әйгерім Қалаубаеваның "Әнім саған, Түркістан!" концерттік бағдарламасы өтті
  • Тарих тұлғаларын жаңғыртуға Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы да атсалысады
  • ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ "НҰР-СҰЛТАН" АТАУЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ