Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Әуежай.jpg

Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрібай» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді. 

Сонымен қатар, «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды
  • Шымкент: Егіс алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді
  • Ардагер аналарды құттықтады
  • Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді: 40 адам зардап шекті
  • Тоқаев әлеуметтік желілердің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды