Тоқаев әлеуметтік желілердің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды

Жұмыс сапарымен Германияда жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның интернет желісіндегі ақауды жөндеуге тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

bab152ac454be34080f7a5961ee7e562.jpg

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды.

Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", – деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Қазақстан тұрғындары жаппай Google-дың барлық қызметтерінің, сондай-ақ YouTube видеохостингі мен Telegram мессенджерінің, Twitch платформасы мен Instagram әлеуметтік желісінің қызметтері дұрыс істемей жатқанын айтып, шағымдануда.

Бұған дейін мемлекет басшысының қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панельдік сессиясында "Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме" тақырыбында сөз сөйлегенін хабарлағанбыз.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі арта түсетінін мәлімдеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде болса, ерінге тиеді
  • Жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды
  • Үшінші мегаполис зиялылары Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиын өткізді
  • Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына өтінімдер қабылданады
  • 23 августа стартует прием заявок на участие в конкурсе грантов «Әрекет»