Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады

edd029519d16acbb608aa9cd52dd3e8c.jpeg

Танымал актер, сатирашы Тұрсынбек Қабатов желі қолданушылары арасында елорданы қардан тазалату туралы жаңа челлендж бастаған болатын. Оның бұл ұсынысына президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдауын білдірді. Бұл жайлы президент өзінің Twitter парақшасында былай деп жазды:

"Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама."

Айта кетейік, бұл ұсынысты әуелі елорда жастары ұсынып, кейіннен сатирашы Тұрсынбек Қабатов пен журналист қоғам белсендісі Асхат Садырбай қабыл алған болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде болса, ерінге тиеді
  • Жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды
  • Үшінші мегаполис зиялылары Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиын өткізді
  • Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына өтінімдер қабылданады
  • 23 августа стартует прием заявок на участие в конкурсе грантов «Әрекет»