Балалар ел ағаларымен пікірлесті

1559123715948756.jpg

Елбасының «Болашаққ бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  «Jas Túrkіstan-2019» республикалық балалар шығармашылық республикалық марафоны жалғасын табуда. Киелі шаһарға келген еліміздегі белді басылымдар басшылары, журналистер, ақын-жазушылар, драматургтер, анимация саласының мамандары  мәдениет үйінде пленарлық отырыс өткізді. Қатысушылар балалардың тәлім-тәрбиесі, білім алуы жайында сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ қонақтар түрлі басылым, анимация саласының көрмесін тамашалады. 

Жиыннан соң ересектер Түркістандағы №19 және М. Әбенова атындағы орта мектептерге арнайы барып, оқушылармен еркін форматта кездесу өткізді. Ел ағаларының ақылын тыңдаған оқушылар  сауал жолдап, сұхбат құрды. «Жақсы нәрсені армандаңдар, қорықпаңдар, талпыныңдар. Қандай мамандық болмасын, газет оқыңдар. Газет оқыған адамның тілі бай болады» деп кеңес айтқан «Жас өркен» ЖШС бас директоры, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек балаларға осылайша  қамқорлығын көрсетті. Ал ең үздік сауал қойған жас көрерменге Ұлттық аударма бюросының аудармашысы, жазушы Есей Жеңісұлы  қолтаңбасымен кітап сыйлап, ақ тілегін білдірді.  

      Кездесу барысында балаларға түрлі танымдық журналдар таратылды.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады
  • Где можно оплатить за проезд на дорогах республиканского значения?
  • В древности на территории шымкентской цитадели жили зажиточные люди
  • Что привлекает туристов в Шымкенте?
  • Кәсіпкер депутаттар жастармен кездесті