Алғашқы қауын-қарбыз пісуге жақын

1559109823972929.jpg

Ауылшаруашылық өнімдерін ерте егіп, қашанда ерет өнім алатын жетісайлық диқандар биыл да жарады. Қазір ауданда егін науқаны қызып тұр. Жергілікті шаруалар  бүгіннің өзінде 40 мың гектарға жуық егістік жерге мақта, 15 мың гектардан астам жерге бақша дақылдарын екті. Нақтырақ айтсақ, 15813 гектарға жуық егістік жерге бақша дақылдары егілді. Оның 8771 гектары ерте егілген пленкалы қауын мен 4135 гектарын қарбыз құрайды. Бұдан бөлек, 742 гектарға ашық қауын мен 165 гектарға қарбыз отырғызылған. Енді 10-15 күнде алғашқы қауын мен қарбыз дақылдары жаппай пісе бастайды. 

    Аудан шаруалары соңғы жылдары ерте көктемгі қырыққабат, баклажан, балғар бұрышы секілді дақылдарды көптеп өсіруге бейімделуде. Бұл өз кезегінде сәуір айының ортасында алғашқы өнім алып, мамыр айында мақта шитін себуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл үрдіс бір жерден екі рет өнім алуға өзіндік септігін тигізеді. 

     Айта кетейік, жетісайлықтар биылғы жылдың ерте көктемінде 1200 гектар алқаптан 40 мың тоннаға    жуық қырыққабат өнімін алды. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады
  • Где можно оплатить за проезд на дорогах республиканского значения?
  • В древности на территории шымкентской цитадели жили зажиточные люди
  • Что привлекает туристов в Шымкенте?
  • Кәсіпкер депутаттар жастармен кездесті