Бронх демікпесі климатқа ғана тәуелді емес...

dcbbfec3e9ef6f099d1f24cfca843317.jpg

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы. Ауыру кезінде тыныс алу қиындап, тұншығу ұстамасына дейін байқалады. Ауру адамда сау адамдардың көңіл аудармайтын нәрселеріне – ағаш тозаңы, үйдегі шаң-тозаң, жануарлардың жүні, кейбір тамақ түрлері, дәрілер және т.с.с. реакциясы жоғары болады. Демікпе себебін анықтау кейде өте қиын немесе мүмкін болмайды.

Бұл ауру проблемасына назар аударылу тегін емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, демікпе – әлемдегі кең таралған созылмалы аурулардың бірі және жылдан-жылға ауыру саны өсіп келеді. Қазіргі уақытта дәлелденгеніндей, демікпенің алдын алуға болады, және тіпті ол пайда болған кезде де уақытылы тиісінше ем қабылдау демікпенің клиникалық – түнгі симптомдар, өмірлік белсенділіктің шектелуі, асқынудың дамуы, шұғыл препараттарға мұқтаждық және медициналық көмекке жүгіну сияқты көріністерді толықтай бақылауға мүмкіндік береді. Сондықтан бронх демікпесін алғашқы және екінші профилактикалау мәселелері жоғары дамыған елдерде де, біздің Қазақстанда да ашық қалып келеді, даму көрсеткіштерінің ара-жігі шапшаң қысқаруда.

Демікпенің пайда болуы мен дамуының тәуекелдік факторларының арасында – өмірлік жағдайлар, климат, жұмыс, тамақтану сипаты, тұқым қуалаушылық. Сондықтан қолайсыз экологиялық ахуал, тамаққа қосымшалар, синтетикалық материалдар пайдалану, белсенді және пассивті түрде шылым шегу, ауыр тұқым қуалаушылық және жаһан тұрғындары денсаулығының жалпы төмендеуі бронх демікпесімен ауыратын адамдар санының өсуіне соқтырып тұр. Осылардан шығатыны, салауатты өмір салты (міндетті түрде жеке гигиенаны сақтау, жиі болатын жерлерде тазалық сақтау, спортпен айналысу, рационалды тамақтану, темекі мен ішімдіктен бас тарту) профилактикалаудың негізгі қадамдарының бірі болып табылады.

 Егер Сіз өзіңізде немесе өз туыстарыңызда бронх демікпесі ауруының белгілерін байқасаңыз немесе сіз осы аурулық дамуының тәуекелдік тобына кірген болсаңыз, мекенжайыңыз бойынша дәрігерге қаралыңыз.

Дәрігерге уақытылы жүгіну сіздің денсаулығыңызды сақтайды және ұзартады.     

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бронх демікпесі климатқа ғана тәуелді емес...
  • Гипертонияға жол бермеңіз!
  • Гарвард университетінің кітапханасына жазылған құпия сөздер
  • Сенім - қараңғы әлем ішінен жарықты сезе алады
  • «Мен жасай алмаймын» дегенді айтуды доғарыңыз